топ хостингов украина

Қаржы министрі Б. Т: Сұлтановтың Кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру тақырыбындағы баяндамасы
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті әріптестер!
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндауға рұқсат етіңіз.
Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру 100 нақты қадам Ұлт жоспары бағдарлама құжаты шеңберінде жүргізілуде, ол осы жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жаңа Кеден кодексінің нормаларында орын алған.
Сіздердің назарларыңызды жаңа Кеден кодексінің неғұрлым маңызды жерлеріне аударғым келеді.
Біріншіден, бұл ақпараттық жүйе арқылы тауарларды автоматты түрде шығару мүмкіндігімен электрондық кедендік декларациялауды қолдану;
Екіншіден, бұл кедендік баждар бойынша мұрсат беру үшін негіздерді кеңейту.
.
Үшіншіден, бұл кедендік декларацияны брокерсіз, кеден органының толтыру мүмкіндігін бекіту (Грузия тәжірибесі бойынша).
Төртіншіден, бұл уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) институтын дамытудың жаңа моделі.
Бесіншіден, арнайы экономикалық аймақтарда рәсімдерді қолдану мәселесі реттелген және жіктелген.
Салынған заңнама нормаларын іске асыруға нақтырақ тоқталуға рұқсат етіңіздер.
Ақпараттық жүйені дамыту
Біздің ЮНКТАД-пен бірлесіп АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін енгізіп жатқанымызды барлығыңыз білесіз.
Мәселен, 2017 жылғы 1 қазаннан бастап Кедендік транзит кіші жүйесі іске қосылды, 200 мыңнан астам транзиттік декларация ресімделді, оның ішінде 92 %-тен астамы (180 мыңнан астам транзиттік декларация) 1 минуттан аспайтын уақытта шығарылды.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Экспорт кедендік рәсімі бойынша Кедендік декларациялау кіші жүйесі іске қосылды. (23,7 мың тауарға арналған декларация, оның ішінде 99,4%-ін жүйе автоматты түрде шығарды).
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап импорт бойынша және қалған кедендік рәсімдер бойынша АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда импорт бойынша тауарларға арналаған 16,3 мың декларация ресімделген, одан тауарларға арналған декларациялардың 90%-і (14.6 мың) жасыл дәліз арқылы автоматты режимде шығарылды.
Бақытжан Әбдірұлы, аталмыш жасыл дәлізге толығырақ тоқталып өтсем деймін.
Мысал үшін, егер бұрын сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы құжаттар пакетімен міндетті түрде алдымен брокерге өз аяғымен барған, одан кейін брокер декларациялармен кеден органдарына жүгінген және тікелей кеден қызметкері қабылдайтын шешімді күткен болса, енді ол брокерге де кеденге де бармастан, интернет арқылы өзі дербес декларация бере алады және жүйе арқылы декларациясы шыққаны туралы хабарламаны ала алады. Оған өз тауарын алу үшін тек уақытша сақтау қоймасына баруы ғана қалады.
Яғни тауарларды шығару туралы шешім қабылдауда адами факторды барынша азайттық.
Автоматтандыруды іс жүзінде енгізу декларанттың бұдан бұрын брокерлік бағдарламаларды, кедендік брокерлердің қызметтерін, уақытша сақтау қоймаларында сақтауға жұмсаған шығыстарын айтарлықтай азайтуға тиіс.
Біз АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін енгізу есебінен босатылған ақша қаражатын сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары тауар айналымына бағыттайды деп пайымдаймыз, бұл біздің есебіміз бойынша бюджетке түсетін кеден баждары мен салықтарының қосымша түсімін 2018 жылы шамамен 12 млрд.теңгеге, ал 2025 жылға қарай 20,3 млрд.теңгеге қамтамасыз етеді (есептеу кеден баждары мен салықтарының 18% орташа арифметикалық ставкасына сүйене отырып, жүргізілд мысал үшін орта есеппен 1 жыл ішінде уақытша сақтау қоймасы мен брокерлік қызметтер үшін шығыстар 66 млрд.теңгені құрады.)
Жалпы алғанда, АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі бойынша екі күрделі проблемалық мәселе бойынша тоқталғым келіп отыр.
Бірінші мәселе кеден бекеттерінде жылдамдығы жоғары байланыс арналарының жоқтығы.
Спутниктік байланыс арнасының өткізу қабілеті мәлімделген талаптарға сай емес (мәлімделген 8Мбит Кем дегенде 40 Мбит
Екінші мәселе, бұл — жуық арада айтылған жүйелер бойынша қосымша виртуалды қуат ресурстарын (Хостинг) бөлу қажет.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамымен бірлесіп біз бұл мәселені пысықтап жатырмыз, бірақ осы жылдың маусым айында біздегі бар бүкіл виртуалды қуат сарқылуы мүмкіндігін ескере отырып, Бақытжан Әбдірұлы Сізден Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамына осы мәселені тездетіп қарауды тапсыруыңызды сұраймын.
Құқықтық мәселелерге қосымша тоқталғым келіп тұр. Кедендік декларацияларды толтыру еуразиялық экономикалық комиссия шешімімен реттеледі, ол әлі Кеден кодексінің жаңалықтарын қолдануға әзірленбеген. Осы жағдайдан шығу үшін біз жағдайдан уақытша шығуға мүмкіндік беретін бұйрық жобасын әзірледік.
Бизнес, аталған бұйрықта декларациялау тәртібін бұзғаны үшін оларды жауапқа тартпау туралы тікелей норманы сұрады. Бұл үшін біз бұйрыққа 2018 жылдың 1 қаңтарынан кері күш бердік, тиісінше бизнестің мәселесі шешілді.
Сондай-ақ ЮНКТАД-пен бірлесіп іске асырылып жатқан жобалардың бірі Бір терезе болып табылады.
Біз, рұқсат құжаттарын ұсыну бизнеспроцестерін беру бөлігінде бүкіл қажетті дайындық жұмыстарын жүргіздік және ЮНКТАД -тың әзірлеуші техникалық тобіна жібердік.
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Бір терезе порталын және оның құрауыштарын кезең-кезеңмен орнату және орналастыру үшін АСИКУДА бағдарламасының басшысы Фабрисио Майенің басшылығымен аталған техникалық топ келеді.
Кедендік әкімшілендіру
Бүгінгі таңда мониторинг жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарының шекара маңындағы кеден бекеттері арқылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тұлғаларымен сөз байласқан жалған экспорт схемасы анықталды.
Кедендік құнды бақылау бойынша
2017 жылы кеден құнға 63 мың түзету жүргізілді, қосымша 34,9 млрд. теңгеден аса сомада кедендік төлемдер мен салықтар өндіріп алынды. 2018 жылдың 1 тоқсанында өндіріп алу шамамен 8,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінен 33%-ке асып түседі.
2017 жылда 855 кедендік тексеру жүргізілген, тексеру нәтижелері бойынша 13,4 млрд. теңге мөлшерінде төлемдер қоса есептелді, іс жүзінде 4,4 млрд. теңге өндіріліп алынды.
2016 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүргізілген кедендік тексерулер саны 211 тексеруге немесе 20 процентке азайған, бұл ретте бір тексеруге өндіріп алу 25 процентке ұлғайған.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерімен бірлесіп тоқсан сайын Біріккен алқада бекітілетін құндық тәуекел индикаторларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп жатқанымызды атап өткім келеді (ағымдағы уақытта 5 елде 600 құндық индиктор бекітілген).
2018 жылы ұлттық құндық индикатор саны сыртқы экономикалық қызмет тауарлық номенклатурасының 1500 кодына дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.
Бұдан басқа, құн мәселесі бойынша ақпарат алмасу туралы келісімдер шеңберінде біз Өзбекстан, Украина, Түркия, Қытай, Балтық жағалауы елдері, Еуропалық одақ елдері, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірлігі, Әзербайжан, Грузия және тағы басқалары сияқты елдермен ақпарат алмасамыз.
Атқарылған жұмыстар ескеріле отырып, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша кедендік әкімшілендіру көрсеткіштері 42,2 млрд. теңгеге дейін жеткізіледі деп жоспарлануда.
Кедендік инфрақұрылымды дамыту
Кедендік рәсімдерді жүргізуді күшейту мен ауыртпалығын азайтудың маңызды бағыты физикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады.
Барлық автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жоспарлануда.
Қазақстан-Қытай шекарасында Нұр жолы жаңа өткізу пунктінің құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша жүріп жатыр. Құрылысты аяқтау мерзімі 2018 жылдың маусымы.
Өткен жылы Қалжат өткізу пунктінің жанынан халықаралық стандартқа сәйкес көліктік-логистикалық орталық ашылды. 2018 жылдың аяғына дейін осы өткізу пунктінде кедендік бақылау жүргізу үшін тоқтаусыз қозғалысты құруға мүмкіндік беретін Қытай Халық Республикасы Үкіметінің гранты шеңберінде алынған Қытай Халық Республикасының NUCTECH COMPANY LIMITED компаниясының жаңа технологиялық кешенін (интеграцияланған инспекторлық-қарау кешені) орнатуды жоспарлап отырмыз.
Оңтүстік шекарада Б.Қонысбаев және Жібек жолы өткізу пункттерін жаңғырту басталды.
Б.Қонысбаев өткізу пункті бойынша қазіргі уақытта құжаттық дайындық жүргізіп жатырмыз және осы жылдың аяғына реконструкциялаудың өзін бастауды жоспарлап отырмыз (жобалау-сметалық құжаттама, конкурстық рәсімдер 2 айдан 3 айға дейін). Жобаның болжамды құны 13,5 млрд. теңге.
Жібек Жолы өткізу бекеті бойынша әлеуетті инвестор (Қазжолжөндеу ЖШС) кедендік және пасторттық бақылау жүргізу үшін жолаушылар терминалы бар автовокзал құрылысын жоспарлауда. Осы арқылы тәулігіне өткізу қабілеттілігі тәулігіне 40 мың жеке тұлғаға дейін екі есеге артатын болады (қазір тәулігіне 18 мың).
Құрылыстың аяқталуының жоспарланып отырған мерзімі 2018 жылғы желтоқсан.
Қалған 8 автомобиль өткiзу пунктерін реконструкциясын Қытай Халық Республикасынан жеңілдетілген Үкіметтік қарыз тарту есебінен жүзеге асыруды жоспарлаймыз. Қолжеткізілген уағдыластықтар шеңберінде Қытай Үкіметі жылдық 2% сыйақы мөлшерлемемен 20 жыл мерзімге бесжылдық жеңілдік кредит беру мерзімімен қарыз қаражатын ұсынады. Көрсетілген пункттерді реконструкциялауға және қосымша жарақтандыруға 128 млрд. теңге қажет.
Бүгінгі күнге (үкіметаралық) негіздемелік келісімінің жобасы Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігімен және Қазақстан Республикасының құзіретті мемлекеттік органдарымен келісілді.
Негіздемелік келісімді жасау мақсатында Негіздемелік келісімді мақұлдау және оған қол қою құзіретін беру туралы ҚР Үкіметінің қаулысын қабылдау қажет.
Қытай Халық Республикасының Үкіметі атынан Негіздемелік келісімге қол қою құзіреті Қытай Халық Республикасының Сауда министріне берілді.
Қытай Халық Республикасынан алынатын қарыз есебінен Жобаны іске асыруды Сіз мақұлдаған жағдайда, біз ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірлейтін боламыз.
Кедендік рәсімдеу аймақтарының құрылысы бойынша
Өткен жылы сіздің тапсырмаңыз бойынша кедендік рәсімдеу аймағы жобасының нысаны әзірленген, жер учаскілері алынды, 12 кедендік рәсімдеу аймағы нысанды жобасы байланыс бойынша жұмыстар аяқталды. Мемлекеттік сараптамасының қорытындысына сәйкес 12 кедендік рәсімдеу аймағы құрылысына 30,8 млрд теңге қажет.
Республикалық бюджеттен қаржыландыруға қолдау көрсетілген жағдайда, жобаның іске асыру мерзімі 2019-2020 жылдары болмақ.
Сондай-ақ жеке инвесторлар кедендік ресімдеу аймағы құрылысына және мемлекеттік жекешелік әріптестік тетігі бойынша көліктік-логистикалық орталықтың жер учаскілерін беруге мүдделік танытуда.
ЕАЭО шеңберінде тауарлардың бастан аяқ электрондық бақылануын енгізу
ЕАЭО шеңберінде тауарлардың бастан аяқ бақылану тетігін жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Осыған байланысты ЕАЭО шеңберінде тауарларды бастан аяқ бақылау тетігі туралы келісім жобасы дайындалып, оның әрекеті Одақ аумағына үшінші елдерден импортталатын тауарлардың айналымына қолданылатын болады.
Бүгінгі таңда Келісім жобасының мемлекетішілік келісуді жүргізуге келіп түсуі күтілуде.
Бұл жерде Электрондық шот-фактуралардың қолданыстағы ақпаратты жүйесі (ЭШФ АЖ) негізінде біздер Қазақстан Республикасы аумағында кедендік баждың төмендетілген мөлшерлемесін қолдана отырып, әкелінген тауарлардың бастан аяқ бақылануы жүйесі құрылғанын атап өту қажет.
Қазіргі уақытта қолданыстағы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелерін толықтыру және барлық қайта сату тізбегі бойынша тауарларды бастан аяқ бақылануын, сондай-ақ олардың қоймадағы қалдықтарын автоматты түрде есептелуін қамтамасыз ететін Вертуалды қойма модулін жасау арқылы бастан аяқ бақылануы тетігін толық автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осы жылдың 1 сәуірінен бастап аталған модуль тәжірибелік пайдалануға беріліп, бастапқы кезеңде автокөлік құралдарына қолданылады.
Осы модульді 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық алып қою тауарларына (Дүниежүзілік сауда ұйымы) қолдану жоспарлануда.
Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесін дамыту тауарсыз мәмлелерді болдырмауды және де осының нәтижесінде көлеңкелі айналымды қысқартуды көздейді. Осыған байланысты біз ағымдағы жылы 45,3 млрд.теңге сомасында, ал 2019 жылы 76,3 млрд.теңге сомасында қосымша түсімдер болады деп күтудеміз.
Тауарларды таңбалау
Тері бұйымдарын таңбалаудың пилоттық жобасын іске асыру туралы келісім шеңберінде өткен жылғы 27 қарашада тері бұйымдарын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
2017 жылғы 27 қараша 2018 жылғы 23 сәуір аралығында Қазақстанда 223,3 мың бақылап сәйкестендіру белгісіне тапсырыс берілді, оның ішінде 113,0 мың бірлік тері бұйымдары таңбаланды.
Таңбалауды енгізген күннен бастап бүгінгі таңға дейін осыған ұқсас өткен кезеңмен салыстырғанда тері бұйымдарынан жасалған тауарларға декларациялар бойынша ресімдеген импоттаушылардың саны 17 импорттаушыға немесе екі есеге өсті, кедендік төлемдер мен салықтар түсімдерінің өсімі 55,8 млн. теңгені немесе үш жарым еседен астамды құрады.
Осыған байланысты ағымдағы жылда бюджетке 300 млн. теңге сомасында, ал 2019 жылы таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін кеңейту есебінен шамамен 25 млрд. теңге қосымша түсімдерді күтудеміз.
Осылайша, көлеңкеден тері бұйымдары нарығын едәуір шығару таңбалау жүйесін енгізудің негізгі оң әсерлерінің бірі болды.
Ағымдағы жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары А.Ұ.Мамин Қазақстан Республикасында Тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйесін құру бойынша ұйымдастыру іс-шаралар жоспарын бекітті және темекі бұйымдарын 2018 жылы таңбалау жөнінде пилоттық жобаны жүргізуге Қазақстанның мүдделігі туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа қазіргі уақытта тері бұйымдарын таңбалау үшін қажет мәліметтерді автоматты түрде беру бөлігінде «Тауарларды таңбалау» Ақпараттық Жүйесін АСТАНА-1 Ақпараттық Жүйесімен интеграциялау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Уақытша бұл мәліметтер қолмен басқару жүйесі арқылы құйылуда және толық интеграциялау аяқталғаннан кейін олар автоматты түрде берілетін болады.

Интересная статья:  хостинг-провайдер топ лучших

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *